"Жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы" Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 шілдеде № 23318 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 1 "Жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары А. Малаховқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады