"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4884 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |