Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 10.01.2022 № 02/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларын бекіту туралы" № 71/02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3627 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпандағы электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларына 1, 6-қосымшалар осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 15/02 қаулысына 1 қосымша |
|
Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларына 1-қосымша |
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер |
6 | Емханалар | 1 келіп кету |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 |
21 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1 м2 |
22 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны |
30 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 15/02 қаулысына 2 қосымша |
|
Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларына 6-қосымша |
Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу
1. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде пайда болған және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., м3):
V конт=h*S
мұндағы h - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
S - контейнер түбінің алаңы, м2;
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:
Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3….
мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mконт =m3- mп
мұндағы m3 - қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;
mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mтәу = mконт1+mконт2+mконт3…
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.
Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан.
Маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7
мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың пайда болу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтм, м3):
Vтм = Vмаус / (n × a)
массасы бойынша (mтм, кг):
mтм = mмаус / (n × a)
мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;
a - есептік бірліктің саны;
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтом, м3):
Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n
массасы бойынша (mтом, кг):
mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n
мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" - қыста - "қ", тиісінше көктемде - "к", жазда - "ж", күзде "кү" - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vж, м3)
Vж = Vтож х nк
массасы бойынша (mж, кг):
mж = mтож х nк
мұндағы nк - жылдағы күннің саны.
2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
qор =m/V,
мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
2) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Kбе = Vом/Vж
массасы бойынша:
Kбе = mом/mж
3) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Kмбе = Vmaxтәу./Vом
мұндағы Vmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3.
массасы бойынша:
kсн = mmaxтәу./mом
мұндағы mmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.
3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың пайда болуының есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың пайда болуының сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.