Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 02/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26539 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-ші бабына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларын бекіту туралы" қаулысы №71/02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3627 болып тіркелген);

      2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы №15/02 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларын бекіту туралы" №71/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6229 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады