"Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 06/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 6199 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысына және әкім орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі К. Абсаттаров

  Жезқазған қаласының
әкімі
2021 жылғы 17
ақпандағы
№ 06/01
Қаулысымен бекітілген

"Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары

      1. "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану жөнінде осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.

      2. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 01.07.2024 № 30/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және мемлекеттік органның актісінде нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 01.07.2024 № 30/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша көтермеленеді.

      5. "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу, құрамы қала әкімінің өкімімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі Бірыңғай комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – Комиссия).

      6. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне Жезқазған қаласы әкімінің өкімі негізінде, ал Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне тиісті атқарушы орган басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақы төлемі "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мен Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісті және адал атқарғаны үшін Жезқазған қаласы әкімінің алғысы жарияланады.

      8. Мемлекеттік қызметшілер Жезқазған қаласы әкімінің грамотасымен қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарған, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.

      9. Грамота және алғыс жариялау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Жезқазған қаласы әкімінің қолы қойылады.

      10. Жезқазған қаласы әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешім "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсынымдары бойынша қабылданады.

      "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қала әкімінің грамотасымен көтермелеулерін есепке алу қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі, көтермелеу бойынша мәліметтерді мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына енгізумен жүргізеді.

      11. Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің басқа формалары қолданылады.

      12. Мемлекеттік қызметшілер мына жағдайларда көтермелеуге жатпайды:

      1) алып тастамаған тәртіптік жазасы болса;

      2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

      3) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеруі кезінде;

      4) мемлекеттік органда бір айдан аз жұмыс істегендер.

Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган

Постановление акимата города Жезказган Карагандинской области от 17 февраля 2021 года № 06/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 19 февраля 2021 года № 6199.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Жезказган ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила применения поощрений государственных служащих государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительным органам, финансируемым из бюджета города Жезказган принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима и заместителей акима города Жезказган.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Жезказган К. Абсаттаров

  Утверждено постановлением
Аким города Жезказган
от 17 февраля 2021 года
№ 06/01

Правила применения поощрений государственных служащих государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган

      1. Настоящие Правила применения поощрений государственных служащих государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок применения поощрений государственных служащих государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган.

      2. К государственным служащим государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган, применяются следующие поощрения:

      1) единовременное денежное вознаграждение;

      2) объявление благодарности;

      3) награждение ценным подарком;

      4) награждение грамотой;

      5) присвоение почетного звания;

      6) иные формы поощрения, в том числе награждение ведомственными наградами.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции постановления акимата города Жезказган области Ұлытау от 01.07.2024 № 30/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. За одно и то же отличие государственному служащему может быть применена только одна из форм поощрений, указанных в пункте 2 настоящих Правил, и только один раз с указанием конкретных заслуг в акте государственного органа.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции постановления акимата города Жезказган области Ұлытау от 01.07.2024 № 30/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Государственные служащие государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган, поощряются за образцовое выполнение должностных обязанностей, безупречную государственную службу, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе, а также по результатам оценки их деятельности.

      5. Поощрение государственных служащих государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган в виде единовременного денежного вознаграждения, производится на основании решения Единой комиссии по вопросам поощрения государственных служащих, состав которой утверждается распоряжением акима города (далее – Комиссия).

      6. Выплата единовременных денежных вознаграждений государственным служащим государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" осуществляется на основании распоряжения акима города Жезказган, а государственным служащим иных исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган на основании приказа руководителя соответствующего исполнительного органа.

      Выплата единовременных денежных вознаграждений, предусмотренных настоящим пунктом, осуществляется за счет экономии средств по плану финансирования бюджетной программы "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган.

      7. Благодарность акима города Жезказган объявляется государственным служащим за выполнение заданий особой важности и сложности, надлежащее и добросовестное выполнение поручений.

      8. Грамотой акима города Жезказган награждаются государственные служащие за образцовое выполнение должностных обязанностей, достижение высоких результатов в служебной деятельности, личный вклад в решения особо важных задач, поставленных перед государственным учреждением "Аппарат акима города Жезказган" и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган.

      9. Грамота и благодарность составляются на государственном и русском языках и подписываются акимом города Жезказган.

      10. Решение о поощрении грамотой и благодарностью акима города Жезказган принимается по представлению первых руководителей государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и соответствующих исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган.

      Учет поощрений государственных служащих государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и соответствующих исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган грамотой акима осуществляется службой управления персоналом аппарата акима города с занесением данных о поощрении в трудовую книжку и личное дело государственного служащего.

      11. Иные формы поощрений применяются к государственным служащим государственного учреждения "Аппарат акима города Жезказган" и соответствующих исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган в соответствии с иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      12. Не подлежат поощрению государственные служащие:

      1) имеющие не снятые дисциплинарные взыскания;

      2) в период прохождения испытательного срока;

      3) в период проведения специальной проверки органами национальной безопасности в отношении административного государственного служащего корпуса "Б";

      4) проработавшие в государственном органе менее одного месяца.