Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
2. "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысына және әкім орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | К. Абсаттаров |
Жезқазған қаласының әкімі 2021 жылғы 17 ақпандағы № 06/01 Қаулысымен бекітілген |
"Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
1. "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану жөнінде осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.
2. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 01.07.2024 № 30/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және мемлекеттік органның актісінде нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 01.07.2024 № 30/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша көтермеленеді.
5. "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу, құрамы қала әкімінің өкімімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі Бірыңғай комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – Комиссия).
6. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне Жезқазған қаласы әкімінің өкімі негізінде, ал Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне тиісті атқарушы орган басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақы төлемі "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мен Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісті және адал атқарғаны үшін Жезқазған қаласы әкімінің алғысы жарияланады.
8. Мемлекеттік қызметшілер Жезқазған қаласы әкімінің грамотасымен қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарған, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.
9. Грамота және алғыс жариялау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Жезқазған қаласы әкімінің қолы қойылады.
10. Жезқазған қаласы әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешім "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсынымдары бойынша қабылданады.
"Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қала әкімінің грамотасымен көтермелеулерін есепке алу қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі, көтермелеу бойынша мәліметтерді мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына енгізумен жүргізеді.
11. Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің басқа формалары қолданылады.
12. Мемлекеттік қызметшілер мына жағдайларда көтермелеуге жатпайды:
1) алып тастамаған тәртіптік жазасы болса;
2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
3) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеруі кезінде;
4) мемлекеттік органда бір айдан аз жұмыс істегендер.