Жезқазған қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 06/01 "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 30/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 шілдеде № 134-20 болып тіркелді

      Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жезқазған қаласының әкімдігінің "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 17 ақпандағы №06/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6199 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жезқазған қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:

      1) 2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.";

      2) 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және мемлекеттік органның актісінде нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі К. Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады