Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орнын айқындау туралы" 2009 жылғы 18 қарашадағы № 28/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-92 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Б.Е. Абдрахаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі | А. Идрисов |