Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 88/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 желтоқсанда № 25775 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орнын айқындау туралы" 2009 жылғы 18 қарашадағы № 28/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-92 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Б.Е. Абдрахаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А. Идрисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады