Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 36/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5445 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісінде 2019 жылы 2 қыркүйегінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Б. Асанов |
Абай ауданының әкімдігі 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 19/01 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандардың лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 23.07.2024 № 35/03 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілердің лауазымдары:
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық ауруларымен мүгедектігі бар балалар және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы азаматтық қызметшілердің лауазымдары:
әкімші (негізгі қызметтер), аккомпаниатор, мұрағатшы, археограф (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, кітапхана меңгерушісі, дыбыс операторы, дыбыс режиссері, барлық атаудағы (негізгі қызметтер) инженері, нұсқаушы, инспектор, өнертанушы, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), билет тексеруші, кассир, шебер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), механик, музыкалық жетекші, барлық атаудағы менеджері, мұражай қараушысы, оператор, ұйым (үйірме) басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын секторының басшысы, ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, барлық атаудағы техниктер, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі, қор сақтаушы, экскурсовод.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілердің лауазымдары:
әкімші, спорт ғимаратының меңгерушісі, нұсқаушы-спортшы, кассир, медициналық бике/аға (мамандандырылған), мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы.