Абай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі "Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы" № 19/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 35/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 6628-09 болып тіркелді

      Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі "Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы" № 19/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Абай аудандық

      мәслихаты

  Абай ауданының әкімдігінің
2024 жылғы 23
шілдедегі
№ 35/03
қыулысына қосымша
  Абай ауданының әкімдігі
2021 жылғы 15 сәуірдегі
№ 19/01
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандардың лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілердің лауазымдары:

      қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық ауруларымен мүгедектігі бар балалар және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы азаматтық қызметшілердің лауазымдары:

      әкімші (негізгі қызметтер), аккомпаниатор, мұрағатшы, археограф (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, кітапхана меңгерушісі, дыбыс операторы, дыбыс режиссері, барлық атаудағы (негізгі қызметтер) инженері, нұсқаушы, инспектор, өнертанушы, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), билет тексеруші, кассир, шебер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), механик, музыкалық жетекші, барлық атаудағы менеджері, мұражай қараушысы, оператор, ұйым (үйірме) басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын секторының басшысы, ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, барлық атаудағы техниктер, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі, қор сақтаушы, экскурсовод.

      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілердің лауазымдары:

      әкімші, спорт ғимаратының меңгерушісі, нұсқаушы-спортшы, кассир, медициналық бике/аға (мамандандырылған), мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады