Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі "Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 29/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 5941 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 10 шілдеде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С. Әбеуова |
КЕЛІСІЛДІ:
Ақтоғай аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ Р. Әбеуов
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 15/01 қаулысына қосымша |
|
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдесі № 29/01 қаулысына қосымша |
Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің (бөлімшесінің) меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Әкімші, аккомпаниатор, мұрағатшы, археограф, барлық атаудағы әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, нұсқаушы, ісжүргізуші, дирижер, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары, бөлімнің, сектордың, филиалдың басшысы және орынбасары, шаруашылық және шеберхананың меңгерушісі, дыбыс операторы, дыбыс режисері, архив қоймасының меңгерушісі, барлық мамандық жөніндегі инженер, инспектор, өнертанушы, концертмейстр, мәдени ұйымдастырушы, билет тексеруші, кассир, шебер, әдіскер, механик, музыкалық жетекші, кіші ғылыми қызметкер, мұражай қараушысы, ғылыми қызметкер, оператор, бағдарламашы, аудармашы, редактор, режиссер, аға ғылыми қызметкер, хатшы, барлық атау технигі, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, көркемдік жетекші, қор сақтаушы, экономист, экскурсовод, заң кеңесшісі.