Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округінің әкімінің 16.06.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қырғыз ауылдық округі Бүркітті ауылының аумағында жылқылар арасынан ринопневмония мен салмонеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтандыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
әкім | Б. Капашов |