Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 6178 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округінің әкімінің 16.06.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қырғыз ауылдық округі Бүркітті ауылының аумағында жылқылар арасынан ринопневмония мен салмонеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтандыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      әкім Б. Капашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады