"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 06-05-02-16/253 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округінің Бүркітті ауылының аумағында жылқылар арасынан ринопневмония мен сальмоноллез ауруларының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың кешені жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 ақпандағы №1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6178 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қырғыз ауылдық округінің әкімі | Б. Капашов |