Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 04.10.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 06-05-02-16/243 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шарықты ауылдық округінде орналасқан "Коргадыр" шаруа қожалығының "Коргадыр" қыстағы аумағында ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Ногербеков |