Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 маусымда № 22961 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 04.10.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 06-05-02-16/243 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шарықты ауылдық округінде орналасқан "Коргадыр" шаруа қожалығының "Коргадыр" қыстағы аумағында ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Ногербеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады