Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24642 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 06-05-02-16/477 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі Қорғадыр қыстағында орналасқан "Қорғадыр" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 22961 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шарықты ауылдық округінің әкімі А. Ногербеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады