"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 06-05-02-16/477 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі Қорғадыр қыстағында орналасқан "Қорғадыр" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 22961 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шарықты ауылдық округінің әкімі | А. Ногербеков |