Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлытау аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 9 ақпандағы № 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4623 болып тіркелген) шешімі;
2) "Ұлытау ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 23 шілдедегі №199 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4890 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | А. Мырзабеков |