Ұлытау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 92 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26395 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлытау аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 9 ақпандағы № 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4623 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Ұлытау ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 23 шілдедегі №199 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4890 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы А. Мырзабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады