Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі ІІ сессиясының №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-17-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 21(10.382) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережесінде:
кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Осы Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314, 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындайды.";
1-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электорондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Респуликасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналсқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
1–тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
1–тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда аз қамтылған отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;";
1–тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;
1–тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;";
2, 3, 3-1 және 3-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалынатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылғын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10% пайызы мөлшерінде белгіленеді.
3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі";
17-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:";
17–тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;";
17–тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
17–тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) кондоминиум объектісін басқаруға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;";
17–тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) мемлекетті тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.";
17–тармақтың екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 17-5 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Мукушев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Тулеукулов |