Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 2/22 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 мамырда N 8-17-133 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Сессия төрағасы

Н. Жанасбаев

Аудандық мәслихаттың


хатшысы

Ә. Смағұлұлы


  Шет аудандық мәслихатының
2012 жылғы 12 сәуірдегі
N 2/22 шешімімен бекітілген

Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі

      Осы Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314, 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электорондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Респуликасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналсқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) алушы (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін алушы тұлға (бұдан әрі – алушы);

      3) жалдауға беруші (жалға беруші) – тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;

      4) жалдаушы (жалға алушы) – тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;

      5) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      6) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;

      7) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу - қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;

      8) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      9) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандардан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

      10) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда аз қамтылған отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      11) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

      12) телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы;

      13) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

      14) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты – оған сәйкес жалдауға беруші (жалға беруші) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт;

      15) тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган - "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім);

      16) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      17) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;

      18) шот – өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 22/197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалынатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Шет аудандық мәслихатының 04.04.2013 N 12/115 шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылғын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10% пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 3-1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 3-2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін айқындау

      4. Тұрғын үй көмегі бөліммен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша келесі мөлшерлер бойынша беріледі:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын үй беру нормасына баламалы (18 шаршы метр), көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшері:

      газ тұтыну нормасы:

      қызметті көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, чектер) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 10 килограмнан көп емес);

      қатты отын тұтыну нормасы:

      1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін, 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 161 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 98 килограмм;

      1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 125 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 72 килограмм, бірақ үйге 7 тонна көмірден артық емес;

      жылу беру маусымының ұзақтығы 7 ай;

      тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Шет ауданында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады;

      айына электрэнергиясын тұтыну:

      газ плитасымен жабдықталған үйлерде - 150 киловатт;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловатт;

      3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті тұтыну нормалары және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау шығындарды басқару үлгісіне тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері) тарифтерді бекітетін органдармен және қызмет көрсетушілермен белгіленеді;

      4) кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жинақтау жарналары үй-жай (пәтер) иелеріменен жалпы жиналыста айқындалады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуінің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіпте өтелуге жатады.

      6. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысы шығындарына белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      7. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2012.08.16 N 6/61 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2012.08.16 N 6/61 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындаған даулар сот арқылы шешіледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-тармақ 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Шет аудандық мәслихатының 04.04.2013 N 12/115 шешімімен.

      10. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының және телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттiк төлемақы тарифтерінің өсуі бөлігінде байланыс қызметінің, жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының шығындарына нақты есептелген төлемнен асуы мүмкін емес.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 04.04.2013 N 12/115 (01.07.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Тұрғын үй көмегі ақшалай және аударма түрінде көрсетіледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.

      Ақшалай түр ақшалы төлемдер түрінде бекітіледі. Өткен ай үшін тұрғын үй көмегін төлеу бюджеттік қаржы есебінен азаматтардың жеке шоттарына аудару жолымен бөліммен жүзеге асырылады. Жеке шотына аудару үшін алушы төмендегі құжаттарды ұсынады:

      1) Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 04.04.2013 N 12/115 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) шешімімен.
      2) Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 04.04.2013 N 12/115 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) шешімімен.

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің линцензиясы бар мекемеге немесе екінші дәрежелі банкіде ашылған жеке есеп шоты.

      Тұрғын үй көмегінің төлем үлгісін (ақшалай немесе аударма) таңдау құқығы алушыға ұсынылады.

      Ескерту. 11 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 04.04.2013 N 12/115 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) шешімімен.

      12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу мына жағдайда тоқтатылады, егер алушы:

      1) бөліммен белгіленген уақытқа сәйкес тиісті құжаттарды ұсынбаса;

      2) алынатын тұрғын үй көмегін мақсатсыз пайдаланса және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне төлемді өз уақытында төлемесе.

      12-1. Тұрғын үй көмегін аса жоғары немесе төмен сомасын тағайындауға әкеліп соқтырған, дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, көмекті тағайындау және төлеу оны тағайындау кезеңіне тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар ерікті тәртіппен, бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде қайтаруға жатады.

      Ескерту. Ереже 12-1 тармағымен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 10.10.2017 № 16/128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері және мерзімділігі

      13. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап жеті ай мерзімге тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу алғашқы құжаттандырылу рәсімдеріне сәйкес болады.

      Отбасының табыстары және құрамы туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынып отырған отбасылар, құжаттарды нақты ұсынған мерзімінен тәуелсіз тұрғын үй көмегін тоқсан үшін алады.

      Отбасының табыстары және құрамы туралы мәліметтерді ағымдағы тоқсан бойы ұсынбаған отбасыларға, себебіне қарамай, тұрғын үй көмегін аудару құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.

      14. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он күн ішінде көмекті алуға және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде, соның ішінде тұрғын үй меншігінің нысанының, отбасы құрамы және оның жиынтық табыстарының өзгерістері, жұмыссыздар - мәртебесінің өзгергені туралы бөлімге жазбаша хабарлаулары тиіс.

      15. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтің ақысына, коммуналдық қызметтерге тарифтер, отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі өзгергенде тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап бұрын тағайындалған көмектің қайта есептеуі жүргізіледі.

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында отбасында басқа елді мекенде уақытша тұратын тұлғалары тиісті құжаттармен дәлелденуімен есепке алынбайды.

5-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі) ;

      2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 37/340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
      4) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда) ;

      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      8) банктік шоты;

      9) кондоминиум объектісін басқаруға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналға шоттар;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) мемлекетті тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 17-5 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 22/197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 37/340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.02.2021 № 2/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      17-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Ереже 17-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 22/197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-2. Осы Ереженің 17 тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Ереже 17-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 22/197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 17-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 22/197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Ереже 17-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 22/197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5(бес) жұмыс күні ішінде берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Ереже 17-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 22/197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 17-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 22/197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Құжаттар түпнұсқасымен және көшірмесімен салыстыру үшін тапсырылады, одан соң құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып, ал көшірмелері жеке іске тігіледі.

      19. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша бөліммен алушының жеке ісі қалыптастырылады.

      20. Ақпараттың растығына күман туындаған жағдайда бөлім тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті мәліметтер бойынша тиісті органдарға сұраныс жасайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      21 тармақ 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Шет аудандық мәслихатының 04.04.2013 N 12/115 шешімімен.

      21. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 21 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 04.04.2013 N 12/115 (01.07.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Шет ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
Өтініш

      Ескерту. Қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 10.10.2017 № 16/128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады