Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10, 11, 12, 13 жолдарымен толықтырылсын:
"
10. | Жалағаш кенті - Аққыр ауылы |
11. | Жалағаш кенті - Жаңадария ауылы |
12. | Жосалы кенті, Теміржол вокзалы - №183 орта мектеп |
13. | Жосалы кенті, "Сұлтан" сауда үйі - №183 орта мектеп |
".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Байкадамов |