"Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 83 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда № 26176 болып тіркелді

      Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10, 11, 12, 13 жолдарымен толықтырылсын:

      "

10.

Жалағаш кенті - Аққыр ауылы

11.

Жалағаш кенті - Жаңадария ауылы

12.

Жосалы кенті, Теміржол вокзалы - №183 орта мектеп

13.

Жосалы кенті, "Сұлтан" сауда үйі - №183 орта мектеп

      ".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады