"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 қазандағы № 178 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округіне қарасты Абай учаскесіндегі "Қуандық" шаруа қожалығының аумағында белгіленген шектеу шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақжарма ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 24 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23183 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжарма ауылдық округінің әкімі | Е. Ешмұратов |