Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 24 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 маусымда № 23183 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округі әкімінің 15.11.2021 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 96 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Сырдария ауданы, Ақжарма ауылдық округі Абай учаскесіндегі "Қуандық" шаруа қожалығының ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақжарма ауылдық округінің әкімі Е. Ешмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады