Шектеу іс шараларын тоқтату және Ақжарма ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 24 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 44 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25235 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 қазандағы № 178 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округіне қарасты Абай учаскесіндегі "Қуандық" шаруа қожалығының аумағында белгіленген шектеу шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақжарма ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 24 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23183 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақжарма ауылдық округінің әкімі Е. Ешмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады