"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2016 жылдың 01 ақпандағы "Шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" № 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5344 болып тіркелген);
2) 2019 жылғы 3 мамырдағы "Шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 ақпандағы № 23 қаулысына өзгеріс енгізу туралы № 68 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6783 болып тіркелген).
2. "Қазалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімі | М. Уразбаев |