Шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 ақпандағы N 23 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда N 5344 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 14.12.2021 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қаржаубаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ Н. ШАМҰРАТОВ
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      Ж. Жалғасбай _________________
      "1" ақпан 2016 жыл.

  2016 жылғы "01" ақпандағы
Қазалы ауданы әкімдігінің
№ 23 қаулысына қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 03.05.2019 № 68 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Кездесу үшін үй-жайлар

1

Әйтеке би кенті

"Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қазалы аудандық мәдениет Орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

2

Әйтеке би кенті

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының "Кенттік клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

3

Әйтеке би кенті

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Оқушылар Үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

4

Қазалы қаласы

Қазалы қаласы әкімі аппаратының "Қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

5

Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылы

Майлыбас ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақсуат ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

6

Өркендеу ауылдық округінің Жанкент ауылы

Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының "Өркендеу ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

7

Көларық ауылдық округінің Ақтан батыр ауылы

Көларық ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақтан батыр ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

8

Бірлік ауылдық округінің Бірлік ауылы

Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының "Бірлік ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

9

Ақжона ауылдық округінің Майдакөл ауылы

Ақжона ауылдық округі әкімі аппаратының "Майдакөл ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

10

Қызылқұм ауылдық округінің Кәукей ауылы

Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының "Кәукей ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

11

Қызылқұм ауылдық округінің Ажар ауылы

"Қазалы ауданының білім бөлімінің №146 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

12

Алға ауылдық округінің Түктібаев ауылы

Алға ауылдық округі әкімі аппаратының "Үрмәш Түктібаев ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

13

Құмжиек ауылдық округінің Пірімов ауылы

Құмжиек ауылдық округі әкімі аппаратының "Қ.Пірімов ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

14

Сарыкөл ауылдық округінің Абай ауылы

Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының "Абай ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

15

Тасарық ауылдық округінің Лахалы ауылы

Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының "Лахалы ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

16

Тасарық ауылдық округінің Тасарық ауылы

Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының "Тасарық ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

17

Шәкен ауылдық округінің Шәкен ауылы

Шәкен ауылдық округі әкімі аппаратының "Шәкен ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

18

Сарбұлақ ауылдық округінің Сарбұлақ ауылы

Сарбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының "Сарбұлақ ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

19

Басықара ауылдық округінің Басықара ауылы

"Басықара ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

20

Қарашеңгел ауылдық округінің Жалаңтөс батыр ауылы

"Жалаңтөс батыр ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

21

Аранды ауылдық округінің Қожабақы ауылы

Аранды ауылдық округі әкімі аппаратының "Қожабақы ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

22

Аранды ауылдық округінің Аранды ауылы

Аранды ауылдық округі әкімі аппаратының "Қожабақы ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Аранды ауылдық клубы

23

Арықбалық ауылдық округінің Жанқожа батыр ауылы

Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының "Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

24

Ғани Мұратбаев ауылдық округінің Мұратбаев ауылы

Ғани Мұратбаев ауылдық округі әкімі аппаратының "Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

Майдакөл ауылдық округінің Бекарыстан би ауылы

Майдакөл ауылдық округі әкімі аппаратының "Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

26

Бозкөл ауылдық округінің Бозкөл ауылы

Бозкөл ауылдық округі әкімі аппаратының "Бозкөл ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады