Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 12.10.2021 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 9 маусымдағы №173 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты С.Сейфуллин, А.Құнанбаев, Қарасу көшелері аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К. Сейдахметов |