Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің 03.12.2021 № 65 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 95 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінде орналасқан Аби Омаров көшесіндегі № 5, № 30 үйлеріне, Жусупали Омаров көшесіндегі № 5, № 17, № 22, № 24, № 33 үйлеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шаған ауылдық округінің әкімі | У. Абдраманова |