Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 37 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23407 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 65 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің 03.12.2021 № 65 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 95 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінде орналасқан Аби Омаров көшесіндегі № 5, № 30 үйлеріне, Жусупали Омаров көшесіндегі № 5, № 17, № 22, № 24, № 33 үйлеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шаған ауылдық округінің әкімі У. Абдраманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады