Шектеу іс шараларын тоқтату және Шаған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 37 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 65 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25711 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 қазандағы № 190 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінде орналасқан Аби Омаров көшесіндегі № 5, № 30 үйлеріне, Жусупали Омаров көшесіндегі № 5, № 17, № 22, № 24, № 33 үйлеріне, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шаған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 37 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23407 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шаған ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы М. Ерекенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады