"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 қазандағы № 190 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінде орналасқан Аби Омаров көшесіндегі № 5, № 30 үйлеріне, Жусупали Омаров көшесіндегі № 5, № 17, № 22, № 24, № 33 үйлеріне, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шаған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 37 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23407 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шаған ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | М. Ерекенова |