Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 27.10.2021 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі | К. Мубараков |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 185 қаулысына 1 - қосымша |
2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 | "Шиелі-Жолшы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 0,6 % |
2 | "Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 241 | 2,4 % |
3 | "РУ-6" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 433 | 4,3 % |
4 | "Волковгеология" Акционерлік қоғамының филиалы "№23 Геологиялық барлау экспедициясы" | 870 | 8,7 % |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 185 қаулысына 2 - қосымша |
2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 | "Ляньцзи Инвест Сервис Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 51 | 1,02 % |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 185 қаулысына 3 - қосымша |
2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 | Қызылорда облысының білім басқармасының "Шиелі индустриалды – аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 91 | 0,91% |