2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 185 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 8130 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 27.10.2021 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі К. Мубараков

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 14 қаңтардағы
№ 185 қаулысына 1 - қосымша

2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

1

"Шиелі-Жолшы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

0,6 %

2

"Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

241

2,4 %

3

"РУ-6" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

433

4,3 %

4

"Волковгеология" Акционерлік қоғамының филиалы "№23 Геологиялық барлау экспедициясы"

870

8,7 %

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 14 қаңтардағы
№ 185 қаулысына 2 - қосымша

2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

1

"Ляньцзи Инвест Сервис Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

1,02 %

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 14 қаңтардағы
№ 185 қаулысына 3 - қосымша

2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

1

Қызылорда облысының білім басқармасының "Шиелі индустриалды – аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

91

0,91%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады