Шиелі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 77 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25015 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналарды күші жойылды деп танылсын:

      1) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 3 мамырдағы № 399 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6786 болып тіркелген);

      2) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 185 "2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8130 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік етуші Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі Н. Макулбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады