Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 19.10.2021 № 13/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 1), 2) тармақшаларына, 20-1-бабының 2), 3) тармақшаларына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. "Шиелі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы № 37/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6708 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 07 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | Е. Женсикбаев |
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жағыпбаров |
Шиелі аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 15 сәуірдегі № 5/4 | |
шешіміне 1- қосымша |
Шиелі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу жәнежинақталу нормалары
№ | Объектінің атауы | Өлшем бірлігі | Жинақталудың есептік нормасы жылына, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,75 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,432 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,546 |
4. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,352 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,31 |
6. | Емханалар | 1 келіп кету | 0,084 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,049 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,083 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,61 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,12 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары |
жоба бойынша | 0,01 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,26 |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,302 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,207 |
17. | Көтерме сауда қоймалары, өндірістік тауарлар қоймасы | жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
18. |
Вокзалдар, автовокзалдар, | жалпы алаңы 1 м2 | 0,151 |
19. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,27 |
20. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, авто жанар-жағармай құю стансасы, гараждар | 1 машина-орын | 1,68 |
21. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,96 |
22. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,182 |
23. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,132 |
24. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,3 |
25. | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,11 |
Шиелі аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 15 сәуірдегі № 5/4 | |
шешіміне 2- қосымша |
Шиелі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерi
№ | Атауы | Есептiк бiрлiк | Бағасы (теңге) |
1. | тұрғын үйлер үшін | айына 1 адамға | 87,67 |
2. | шаруашылық субъектiлер үшiн | 1 текше метр | 1402,7 |