Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 15.04.2021 № 5/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексiнiң 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Шиелі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекiтiлсiн.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Шиелі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерi бекiтiлсiн.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
М.Салқынбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б.Сыздық |
Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы № 37/3 шешiмiне 1- қосымша |
Шиелі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық нормасы, текше метр |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,75 |
2. | Интернаттар | 1 орын | 0,432 |
3. | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,546 |
4. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,352 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,31 |
6. | Емханалар | 1 келіп кету | 0,084 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,049 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,083 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,61 |
10. | Кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар | 1 отыратын орын | 0,12 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,02 |
12. | Стадиондар, спорттық алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,01 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 текше метр | 0,04 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 текше метр | 0,26 |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 текше метр | 0,302 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 текше метр | 0,207 |
17. | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 текше метр | 0,18 |
18. | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 текше метр | 0,151 |
19. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 текше метр | 0,27 |
20. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильді май құю бекеті, гараждар | 1 машина-орын | 1,68 |
21. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,96 |
22. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,182 |
23. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 текше метр | 0,132 |
24. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 текше метр | 0,3 |
25. | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 текше метр | 0,11 |
Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы № 37/3 шешiмiне 2- қосымша |
Шиелі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерi
№ | Атауы | Есептiк бiрлiк | Бағасы (теңге) |
1. | Тұрғын үйлер үшін | айына 1 адамға | 87,67 |
2. | Шаруашылық субъектiлер үшiн | 1 текше метр | 1402,7 |