Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шиелі аудандық мәслихатының "Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 13 мамырдағы № 2/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5514 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереженің 11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Құрмет грамотасымен наградтауға байланысты құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шаралары мен наградталған азаматтардың есебін "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жағыпбаров |