Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 89 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3353 болып тіркелген);
Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 89 "Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 58 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3588 болып тіркелген).
2. "Маңғыстау облысы қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |