Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 89 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырда № 3353 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 246 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 07.10.2021 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 26 шілдедегі "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасы бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш. Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Маңғыстау облысының

      қаржы басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      М.Б. Әлібекова

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2017 жылғы "24" 04. 2017
  № 89 қаулысымен бекітілген

Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасы

      Осы Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 26 шілдедегі "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны одан әрі пайдалану тәртібін белгілейді.

      Қағида Маңғыстау облысының облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, коммуналдық заңды тұлғаларға, қатысу мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге таралады.

      Қағиданың орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы – "Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Қаржы басқармасы) жүктеледі.

      2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі - бюджетті орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын және Маңғыстау облысының коммуналдық мүлкін иеленуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті мемлекеттік мекеме;

      2) қаржы бөлімі – бюджетті орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын және аудандық коммуналдық мүлкін иеленуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті мемлекеттік мекеме;

      3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) бюджеттік бағдарлама әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты

      мемлекеттік орган;

      5) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжат – жер, құқықтық және қала

      құрылысы кадастрын жүргізу мақсаты үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамасынан тұратын құжат;

      6) жылжымайтын мүлік –жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;

      7) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі Маңғыстау облысының коммуналдық меншігінде болып табылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;

      8) коммуналдық мүлік - әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;

      9) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;

      10) облыстық коммуналдық мүлік – облыстың, оның ішінде облыстық бюджет және облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүлікті қоспағанда, облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;

      11) қабылдаушы тарап – мүлікті коммуналдық меншігіне шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға өз теңгеріміне қабылдайтын тарап;

      12) құқықтық кадастрдан мәліметтер - құқықтық кадастрда қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері;

      13) мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі - мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен салынған, құрылысы аяқталған объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдау актісі;

      14) тапсырушы тарап –коммуналдық меншікке мүлікті тапсыратын заңды тұлға;

      15) теңгерімдік құны – актив немесе міндеттеме бухгалтерлік теңгерімде танылатын сома;

      16) техникалық паспорт – құқықтық кадастр жүргізу үшін қажетті бастапқы немесе кейінгі объектінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамасынан тұратын, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру нәтижелері бойынша жасалған белгіленген нысандағы құжат.

2. Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау тәртібі

      3. Салынған объектіні пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы оның толық дайын болғанда жүргізеді.

      Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі, жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты, жылжымайтын мүліктің құқықтық кадастрынан мәліметтер, объектінің теңгерімдік құны туралы анықтама (қосымшаға сәйкес), беруші, қабылдаушы тараптардың қолдары қойылған мүлікті қабылдау-беру актілері мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау барысында негізгі құжаттар болып табылады.

      Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі дайын құрылыс өніміне арналған мүліктік құқықты тіркеудегі бастапқы ерекше құжат болып табылады.

      4. Сатып алынған мүлік коммуналдық заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығындағы) теңгеріміне бекітілген, сондай-ақ теңгерімге беру туралы жергілікті атқарушы органдар қаулысының, Қаржы басқармасы (қаржы бөлімі) басшысының бұйрығының, қабылдау-беру актісінің негізінде одан әрі пайдалану үшін мемлекеттің қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталын төлеуге бекітілген кезден бастап коммуналдық меншікке түскен болып саналады.

      5. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған жылжымайтын мүлік пайдалануға берілген сәттен бастап мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің негізінде жылжымайтын мүліктің меншік және тұрақты жер пайдалану құқығын тіркейді.

      Бюджет қаражаты есебінен салынған жылжымайтын мүлік құқығы тіркелген соң мүлік коммуналдық меншік деп есептеледі.

      6. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері мүлік тіркелген сәттен 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданатын жылжымайтын мүліктің теңгерім ұстаушысын анықтайды және осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін Қаржы басқармасына (қаржы бөліміне) мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау және оны әрі қарай пайдалану туралы бұйрық әзірлеу және қабылдаушы және беруші тараптар қол қойған мүлікті қабылдау-тапсыру актісін бекіту үшін жолдайды.

      7. Объектіні коммуналдық меншікке беру кезінде құжаттарды ресімдеуге қатысты барлық шығындар бюджет қаражат есебінен іске асырылатын, объекті құрылысына қатысатын бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жүктеледі.

      8. Барлық талап етілетін құжаттар болған жағдайда Қаржы басқармасы (қаржы бөлімі) 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы бұйрықты ресімдейді және мүлікті қабылдау-беру актісін 30 (отыз) күнтізбелік күнінен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (ресімдеуге қатысатын, қабылдаушы, беруші тараптарға және Қаржы басқармасы (қаржы бөлімі) үшін бір-бір данадан) бекітеді.

      9. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен реттеледі".

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.04.2018 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Коммуналдық меншікке мүлікті қабылдағаннан кейін, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығын тіркеуді теңгерім ұстаушымен (қабылдаушы тарап) әділет органы арқылы жүзеге асырылады.

      Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы растауы жылжымайтын мүлікті тіркелгендігін растайтын анықтама болып табылады.

      11. Коммуналдық заңды тұлғалар (оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығын) теңгерімінен теңгерімге мүлікті беру Қаржы басқармасының (қаржы бөлімі) басшысының мүлікті беру туралы бұйрығы, алу – беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Теңгеріміне қабылданғаннан соң 30 (отыз) күнтізбелік күнінен кешіктірмей әділет органдарында жылжымайтын мүлік құқығы қайта тіркелуге жатады.

3. Қорытынды және өтпелі ережелер

      12. Осы Қағидада қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2017 жылғы "24" 04.2017
  № 89 қаулысымен
  бекітілген Маңғыстау
  облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны одан әрі
  пайдалану қағидасына қосымша

Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне кабылданатын объектінің теңгерімдік құны туралы анықтама Объектінің атауы: _____________________________________________

Р/с №

Объектіні салу кезінде орындалған шығындар атауы

Құны (теңге)

1

Ғимарат (орын-жай, трансформаторлық қосалқы станция, таратып тұратын қосалқы станция)


2

Жабдық


3

Инженерлік желілер


4

Абаттандыру (көгалдандыру, жол, жаяу жүргіншілер жолы, аялдамалар, телефондандыру)


5

Құрылыс-жинақтау жұмыстары (объект бойынша)


6

Шағын сәулеттiк нысандар (орындықтар, сауыттар)


7

Объектіні салу кезінде орындалған өзге де шығындар


Жиыны:


      Бюджет қаражаты есебінен іске
      асырылатын, объектіні салуға
      қатысатын бюджеттік бағдарламалар
      әкімшісінің басшысы ________________
     
      Бас бухгалтер _________________
      МО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады