Ескерту. 16.08.2021 бастап туындаған қатынастарға таратылады - осы шешімнің 2 тармағымен.
Қазақстан Республикасы Cу Кодексінің 38-бабына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 "Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 120 теңге;
2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 150 теңге.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы мәслихатының 05.04.2024 № 10/106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |