Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 8/82 "Маңғыстау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірде № 10/106 шешімі

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 3 желтоқсанындағы № 8/82 "Маңғыстау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25798 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 120 теңге;

      2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 150 теңге.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады