Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 126 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3373 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | К. Беков |