"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 126 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 147 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 тамызда № 23920 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 126 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3373 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады