Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 126 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 маусымда № 3373 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 03.08.2021 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Сәрсенғали) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Кумискалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарақия аудандық білім бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      К.Байбосинова

      25 мамыр 2017 жыл

      "Қарақия аудандық жұмыспен

      қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

      азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      М.Сәрсенғали

      25 мамыр 2017 жыл

      Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық

      шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы

      "Тұрмыс-Сервис" мемлекеттік коммуналдық

      кәсіпорнының директоры

      С.Молджигитов

      25 мамыр 2017 жыл

      Маңғыстау облысының білім

      басқармасының "Қарақия кәсіптік

      колледжі" мемлекеттік коммуналдық

      қазыналық кәсіпорнының директоры

      Д.Бекмагамбетов

      25 мамыр 2017 жыл

      Маңғыстау облысының білім басқармасының

      "Облыстық санаторлық мектеп-интернат"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

      М.Шарипова

      25 мамыр 2017 жыл

      Маңғыстау облысының денсаулық

      сақтау басқармасының "Қарақия орталық

      аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу

      құқығындағы мемлекеттік коммуналдық

      кәсіпорнының директоры

      Ж.Шоланова

      25 мамыр 2017 жыл

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 25 мамырдағы
  № 126 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

"Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

897

4%

36

2

Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тұрмыс Сервис" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны

224

3%

7

3

Маңғыстау облысының білім басқармасының "Қарақия кәсіптік
колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

119

3%

4

4

"Маңғыстау облысының білім басқармасының "Облыстық санаторлық мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

172

3%

5

5

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қарақия орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

300

4%

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады