Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 04.10.2021 № 301-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Ақниязова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |
Мұнайлы ауданының әкімдігінің | |
2021 жылғы 2 наурыздағы | |
№ 44-қ қаулысына қосымша |
2021 жылға арналған ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтаттарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Жұмыс берушінің атауы | Ұйымдар дағы жұмыскер лердің тізімдік саны | Ата – анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары | |||
Квота (%) | Саны (адам) | Квота (%) | Саны (адам) | Квота (%) | Саны (адам) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
1 | Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 12 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | 385 | 1 | 4 | ||||
2 | Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 13 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | 191 | 1 | 2 | ||||
3 | Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 14 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | 115 | 1 | 2 | ||||
4 | Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) | 858 | 1 | 9 | ||||
5 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстауэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 132 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
6 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстау Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 225 | 1 | 2 | 1 | 2 | ||
7 | Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 75 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
Барлығы: | 17 | 4 | 4 |