Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 301-қ қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қазанда № 24712 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2021 жылғы 2 наурыздағы № 44-қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4464 болып тіркелген);

      2) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2021 жылғы 4 мамырдағы № 100-қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4514 болып тіркелген).

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы ауданының әкімі Р. Елтизаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады